Сенатор тұрғындармен өтемақы мәселесін талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатор тұрғындармен өтемақы мәселесін талқылады

12.04.2024

Тасқын қаупі төніп тұрған Петропавл қаласына сенатор Әсем Рахметова барды. Айта кетейік, ағын судың алды қаланың шетіндегі үйлердің ауласына кіре бастады.

Сенат депутаты өңірдегі су басуы мүмкін жағаға тым жақын орналасқан үйлерде тұратын азаматтармен кездесті. Өзен жағасына салынып жатқан бөгеттің жағдайын бақылап, қаладағы эвакуацялық пунктерді аралады. Тұрғындардың көпшілігі сенатордан, ең алдымен, су басқан үйлерге өтемақы қалай төленетінін сұрады.

Әсем Рахметова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

200 АЕК көлеміндегі төлемді олар толығымен алатын болады. Сонымен қатар үйлеріне су кіріп жатқан тұрғындар дәл қалай төлемақы жасалатынын, қалай есептелетіндігі оны кім есептейтіні сол алаңдатып жатыр. Сондықтанда біз енді өз тарапымыздан осы комиссия құрамына жергілікті халықтар кірсе деп оларда өзінің жағдайын толық көрсетуге жағдай жасалса деген ойымыз бар.


Аманкелді Сейтхан 

Хабарламаларға жазылу