Жердің және табиғи ресурстардың иесі халық. Ал ел атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Былтыр республикалық референдумда табиғи ресурстарға қатысты мұндай өзгеріс енгізілген. Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы бұл мәселеге қатысты дөңгелек үстел өткізді. Жиынға қатысқан сарапшылар жер мен экологиялық мәселеге ерекше назар аударды.
Талғат Омаров, ЖДСП Астана қаласы филиалының төрағасы:
Біздің басты мақсатымыз - Консттутцияныың 6 баптың 3-ші тармағына халық назарын аударту. Себебі қазіргі таңда экология мәселесі халықты алаңдатып отыр. Сол себепті, халықтың әл-ауқатын көтеру үшін жұмыс істеуіміз қажет. Бұл өте қызық тақырып, сол себеті де осындай мәселе туындап отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ЖСДП табиғи ресурстар мәселесін талқылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/182098/)