Павлодарлық полицейлер иппотерапияны дамытуға үлес қоспақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық полицейлер иппотерапияны дамытуға үлес қоспақ

05.03.2019

Павлодарлық полицейлер жүріп-тұруы қиын балаларды атқа мінгізіп емдеу, яғни иппотерапияны дамытуға үлес қоспақ. Бүгін осында аурудан зардап шеккендерге арналған тегін курс ашылды. Атты экипаж енді өз сәйгүліктеріне  жүйке жүйесі зақымданған балаларды мінгізеді.

Әлемдік тәжірибеге қарағанда жайдақ жылқы адамның бойын қыздырады, бұлшық еттерінің қозғалысы массаж рөлін атқарады. Қан айналымын жақсартады. Осыдан кейін тірек-қимыл жүйесінің қызметі бұзылған науқастың тартылып қалған бұлшық етіне жан бітуі мүмкін. Полиция әзірге қызметтегі 6 сәйгүлікті бөлді.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу