Жастар су шаруашылығын дамытуға үлес қоспақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар су шаруашылығын дамытуға үлес қоспақ

09.10.2023

Су шаруашылығын дамытып, тіршілік нәрінің тапшылығын болдырмау ісіне жас мамандар да атсалысады. Қазақстандық 15 студент Ташкенттегі ирригация инженерлерін даярлайтын іргелі оқу орнында білімін жалғастырып жатыр. Президент Қасым Жомарт Тоқаев өз жолдауында «Трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз. Еуразия құрлығындағы өзен- каналдар баршаға ортақ. Бұл- Орта Азия елдерін жақындастырады» деген еді. Осы ретте Қызылордадағы Қорқыт ата университетінің студенттері бір семестр бойы Өзбекстанның жоғарғы оқу орнында білім алады. Болашақ су мамандарын даярлайтын ғалымдардың оларға үйретері мол. Сыр бойындағы аймақтың жастары таңдап алынғаны да бекер емес. Келешекте олар Қазақстанның ирригация саласында еңбек етіп су шаруашылығын жетілдіруге үлес қосары анық

 Шарафаддин НАРБАЕВ , Ташкент Ирригация инженерлері мен ауыл шаруашылығын механизациялау ұлттық институтының деканы:

Студенттерге тәжірибелі профоссорлар дәріс оқып жатыр.Заманауи технологиялардың қыр-сырын үйретуге ден қоямыз.Соңғы жылдары жоғарғы оқу орындары арасында өзара байланысты арттыру жолға қойылған. Бұл шәкірттердің білім, тәжірибе алмасуы жолындағы маңызды қадам.

Базаргүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу