Ақтаулық дәрігерлер батарея жұтып қойған баланы аман алып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтаулық дәрігерлер батарея жұтып қойған баланы аман алып қалды

14.02.2019

Жаңаөзен қаласының тұрғыны кішкентай қызының теледидар пультінің батареясын қалай жұтқанын байқамапты. Бала құсып, мазасызданғанда ғана дәрігерге жүгінген.

Бүлдіршінді УДЗ-ға түсірген ақ халаттылар оның асқазанында бөтен заттың барын анықтаған. Бала шұғыл Ақтауға жеткізіліп, көмек көрсетілді. Мамандар осындай оқиғалардың жиілеп кеткенін айтады. Соңғы 3 жылда балалардың асқазанынан алынған тиындар мен ілгектер, шегелер аурухана сөресінде жиналып қалған.

Азамат Сәрсенбаев, Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі Қазбек Келманов пен анестезиолог және реаниматолог дәрігер Бақытжан Сәрсенбайұлы баланың бойындағы батареяны бір сағат бойы шығаруға әрекеттенді. Ақыры хирургиялық әрекетке бармай, арнайы аппаратпен алды. Одан әрі бүлдіршінге қажетті көмек беріліп, үйіне жіберілді.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу