Дәрігерлер 3 жастағы баланы аман алып қалды

12.08.2020

Шымкенттік дәрігерлер марганцовканы жеп қойған 3 жастағы сәбиді аман алып қалды. Оң-солын білмейтін ойын баласы химиялық ұнтақтың бір құтысын жұтып қойған. Ауыз қуысы толық күйіп қалған бүлдіршін ауыр халде «гипербариялық оксигенация» орталығына жеткізілген. Дәрігерлер оны дереу жансақтау бөліміне жатқызып, үздіксіз емдеп, жазды. Осыдан он жыл бұрын ішкі ағзасы күйіп қалған балаларды аман алып қалу мүмкін емес еді. Қазіргі медицинаның күші химиялық күйік шалғандарды құтқаруға болатын көрсетті. Дегенмен ата-аналар балаларға барынша абай болу керек,- дейді дәрігерлер.

Мадина Ермағанбетова, Т.Орынбаев атындағы Гипербариялық оксигенация орталығының бас дәрігері 

Дәрігерлердің күндіз-түні бақылауында болып, солардың жанкешті еңбегінің арқасында нәрестенің жағдайы жақсарып, 3 тәуліктен кейін токсикология бөліміне ауысты.


Гүлжазира Ғалиқызы 

Хабарламаларға жазылу