Нұр-Сұлтанда 7 жастағы қыздың асқазанынан 100 магнит шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда 7 жастағы қыздың асқазанынан 100 магнит шықты

16.09.2021

Елордалық дәрігерлер жеті жастағы қыздың асқазанынан 100 магнит алып шықты. Бүгінде баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді мамандар. Қазір тексеру және емдеу шаралары жүріп жатыр.

Өткен жылдың өзінде, бір ғана ауруханада өңеш, асқазан-ішек және бронхтарға бөгде заттар түсіп, 162 бала көмекке жүгінген. Олардың жас аралығы көбінесе 1 мен 5 жас. Жұтып қойған заттардың 17 пайызы магнит екен. Оның өткір, үшкір тұстары болса, ішкі органдарды зақымдауы мүмкін дейді мамандар. Егер жұтып қойған зат денеде ұзақ жүрсе, баланың өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан дәрігерлер баланы қараусыз қалдырмаған жөн дейді.  

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу