ШҚО-да «Ана мен бала денсаулығы» акциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да «Ана мен бала денсаулығы» акциясы басталды

13.02.2019

Бір айға созылатын шара аясында көпбалалы отбасыларға медициналық көмек көрсетіледі. Атап айтқанда, дәрігерлерге қаралады, қымбат диагностикалық тексерулерден өтуге мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, аналарға психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету де қарастырылған. Ресми мәлімет бойынша, облыста 23 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар.

Райфа Сафиоллинова, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Күнделікті жасап жүрген анализдермен қоса, қымбат зертеулер, биохимия, компьютерлік томограф керек болса, жасалады. Ондай томограф Алтай, Аягөз ауданында, қалада Ана мен бала орталығында бар.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу