Кәсіпкер Анар Назарова Семейдегі №8 балалар үйінің түлегі Арайлым Ысқақоваға пәтер алып берді

16.05.2015
Кәсіпкер Анар Назарова Семейдегі №8 балалар үйінің түлегі Арайлым Ысқақоваға пәтер алып берді

Өскемен қаласында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында «Мейірім» акциясы өткізілді. 

Акция аясында жеке кәсіпкер Анар Назарова Семей қаласындағы №8 балалар үйінің түлегі Арайлым Ысқақоваға пәтер алып берді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

«Мейірім» акциясы облыс әкімдігінің бастамасымен 2011 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Бүгінге дейін акция бойынша 340 балаға пәтер берілген.

Сондай-ақ, облыстағы 1800-ден астам баланың есепшоттарына 212 миллион теңге қаражат аударылды. 

«Қазақта «жетім көрсең, жебей жүр», деген жақсы сөз бар. Сондықтан, біз ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға үнемі қолдау көрсетуіміз керек», деген облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар кәсіпкерлерді акцияға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Айта кетейік, қазіргі таңда ШҚО-да жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 3516 бала бар.

 

Хабарламаларға жазылу