Ана мен бала денсаулығы басты назарда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ана мен бала денсаулығы басты назарда

15.03.2019

Шығыс Қазақстанда «Саламатты Ана мен Бала» акциясы 2 айға жалғасатын болды.  Шара мақсаты-көпбалалы отбасыларға жан-жақты медициналық көмек көрсету. Атап айтқанда, олар қажетті дәрігерлерге қаралып, әр түрлі диагностикалық тексерулерден тегін өтуге мүмкіндік алды. 

Сонымен қатар, аналарға психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету де қарастырылған. Акция ақпан айында басталған. Содан бері аймақтағы медицина мекемелеріне  5 мыңнан астам көпбалалы отбасы келіп қаралған.

Кешенді тексерулер нәтижесі бойынша денсаулығынан кінәрат табылған ана мен балаларға амбулаториялық немесе стационарлық ем тағайындалды. Медициналық мекемеге келе алмағандарды дәрігерлер бригадасы үйіне барып қарайды. Ата-аналардың сұрауы бойынша акцияның өту мерзімі тағы 1 айға созылды. 

Гүлнар Келгенбаева, облыстық ана мен бала орталығындағы консультативтік емхана меңгерушісі:

Телефон арқылы жазылып келеді. Бір-бірінен естіп келеді, облыс бойынша жүріп жатыр ғой «Саламатты ана мен бала» акциясы. Жазылмай да келсе, міндетті түрде бір күннің ішінде ана мен балаға көмектесуге тырысып жатырмыз.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу