Қазақстан-Корея дәрігерлері тәжірибе алмасты
Бүгін Астанада Оңтүстік Корея мен еліміздің медицина мамандары онкоурологиялық аурулармен күресу жолдарын талқылады. Симпозиум еліміздің өңірлеріне интернет жүйесі арқылы да көрсетіліп, аймақтардағы дәрігерлер шетелдік тәжірибені тамашалады. Сондай-ақ, кореялық дәрігерлер бүйрекке операция жасау жөнінде шеберлік сабақтарын өткізді. Бұл мамандар елімізге осыдан екі жыл бұрын келіп те ота жасаған еді. Мәселен, бүгінде Сеулде урологиялық дертке шалдыққан науқасқа ота жасау, шамамен, 20 мың доллар тұрады. Операцияны роботтар жасайды екен. Сондықтан, қазақстандықтарға сондай операцияны елімізде жасату тиімді болып тұр. Осы мақсатта жыл сайын мемлекетімізден бірнеше маман шетелге барып, біліктілігін арттырып отырады.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03