Astana Motors: көлік бағасы арзандады
Алматыда Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауыты ашылды. Осыған орай, көлік бағасы 7-ден 15 пайызға дейін арзандады. Қазір зауыттың құрал-жабдықтары толығымен орнатылып, Chery, Changan, Haval автокөліктерінің алғашқы партиясы шықты.
Өндірістік аймақтағы жұмыстың біразы роботтар арқылы атқарылады. Мәселен, дәнекерлеу цехында көліктің оң және сол бөлігі, төбесі мен асты қатар дайындалып жатыр. Мамандардың айтуынша, көліктің төменгі бөлігін дәнекерлеу ең күрделі кезеңдердің бірі саналады. Өйткені, қозғалтқыш орнатылатын жерде ұсақ бөлшектердің саны тым көп.
Ердос Тілеубеков, «Astana Motors» компаниясы дәнекерлеу цехының басшысы:
Зауытымызда 54 робот жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, дәнекерлеу цехында жапондық маркалы 17 робот жұмыс жасайды. Бояу цехы 90 пайызға автоматтандырылған. 34 өнеркәсіптік робот жұмыс істеп тұр. Бұл жерде шанақ желілері антикоррозиялық қаптамамен қамтамасыз етіледі.
Astana Motors зауыты жылына 120 мың автокөлік шығаруға қауқарлы. Өндіріс аумағы - 211 мың шаршы метр. Кәсіпорын толық іске қосылған соң, 3600 адам жұмыспен қамтылмақ. Ал қазір 1700 маман еңбек етеді.
Бекнұр Несіпбаев, «Astana Motors» компаниясының бас директоры:
Инженерлік мамандарды өндірісте тәжірибесі бар адамдарды осы зауытқа ауыстырдық. Олар қызметін өсірді. Шетелден келген мамандар біздің жұмыскерлерімізді үйретеді. Мамандар қытайлық зауыттарда тәжірибесін алған болатын. Машина жасау саласында жұмыс істеп келе ажтқан адамдардың тәжірибесі, білімі артып келе жатыр.
Жобаның құны - 202 миллиард теңге. Оның 37%-ы
Astana Motors компаниясы, қалған 63%-ын Қазақстанның Даму Банкі мен Өнеркәсіпті
дамыту қоры қайтарымды қаражат есебінен қаржыландырған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
