Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
Келесі жылдан бастап аудан мен ауылдардардағы архив қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға өседі. Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысында айтылды. Сондай-ақ елдегі екі бірдей мұрағатқа «Ұлттық» статус берілмек. Бұдан бөлек саланы толықтай цифрландыру көзделіп отыр. Төменгі палатада айтылған салаға қатысты маңызды мәселелер жайлы тілшіміз тарқатып айтсын.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Ресми статистикаға сүйенсек жыл сайын архив саласынан 200-250 маман жұмыстан кетеді. Бұған жалақының мардымсыздығы себеп. Өзекті мәселе бүгін Мәжілісте қаралды. Енді мұрағат қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға өсетін болды. Бұл өзгерістің игілігін әсіресе аудандар мен ауылдарда жұмыс істейтін мамандар көрмек.
Ибраим Бабаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің басқарма басшысы:
Бүгінгі заң нормасына енгізіліп отырған 25 пайызды аудандық архивтерде істейтін, күні кешегі талдау бойынша 1012 адам 25 пайыз мөлшерлемеде жалақы алады. Жалақыға келер болса аудандық архивтерде істейтін мамандардың айлығы 150 мен 260 мыңның арасында.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Бұған дейін кітапхана, музейлер мен мәдениет саласы мамандарының жалақысы өсіп, архив қызметкерлері тасада қалып қойған еді. Оның себебі қолданыстағы заңнамада архив қызметкерлері санатының болмауы. Яғни мұрағат мамандары «азаматтық қызметші» саналып келген. Енді тиісті заңға өзгеріс енгізілмек. Төменгі палата отырысында айтылған тағы бір жаңалық елімізде екі ұлттық архив пайда болады.
2 музейге жаңа мәртебе беріледі
Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бірі – Астанадағы ұлттық архив. Оның аты бар бірақ мәртебесі жоқ. Және Алматыдағы орталық архивке ұлттық мәртебе беріледі де, екі архивтің ең төменгі жалақысы 300 мың теңге болады.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Яғни қос қаладағы архивтерге «Ұлттық» мәртебесі берілсе, сонда жұмыс істейтін қызметкерлерге 1,75 коэффициентпен жоғары еңбекақы алуға мүмкіндік туады. Бұл кадр тапшылығы мәселесін жоюға және мамандардың әлеуметтік жағдайын сәл де болса жақсартуға сеп болады дейді, депутаттар. Айта кету керек, заң келесі жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03
Еңбек адамы: Жастарға жол көрсеткен тәлімгер
17.09.2025, 20:02