Медицина қызметкерлері күніне орай Оңтүстік Қазақстан облысындағы 29 емханаға да су жаңа санитарлық автокөлік берілді. Олардың іші науқастарға алғашқы көмек көрсетуге қажетті барлық құралдармен жабдықталған. Дәрігерлер жолшыбай көлік үстінде келе жатып-ақ емдік шараларды жүргізе беруіне болады. Жалпы, өңірде жедел жәрдем қызметі және алғашқы медициналық-санитарлық көмекке лайықталған техникалар жыл сайын жаңартылып келеді. Соңғы 5 жылда қазына қаржысына 273 санитарлық автокөлік сатып алынған. Оның тең жартысынан астамы ауыл халқына қызмет көрсетуде.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ