ОҚО-да соғыс ардагерлеріне автокөлік сыйға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да соғыс ардагерлеріне автокөлік сыйға берілді

11.05.2018

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында биылғы Жеңіс мерекесін қарсы алған көзі тірі 6 майдангерге автокөлік сыйға берілді. Аудан орталығы Шолаққорған ауылында өткен мерекелік шеруден олардың әрқайсысы ауылдарына елімізде құрастырылған «Нива» көлігін мініп қайтты. Автокөліктер демеушілердің қаржысына алынды. Мерекеге жиылған көпшілік майдангерлерге көрсетілген құрметтен соң «Белгісіз сарбаз» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Олардың рухына тағзым етті. 

Жалпы, Екінші дүниежүзілік соғысқа Созақ ауданынан 6 мыңдай азамат аттанған болса, соның жартысынан көбі қайтып елге оралмады. Жеңіс күніне орай бұл күні Ауған соғысы мен Чернобыль апатына қатысушыларға да ерекше құрмет көрсетілді. Аймақтағы уран өндірісімен айналысатын шетелдік компаниялар оларға сый-сияпат жасады. Мереке  соңында көпшілік  орталық атшабарда өткен бәйге, көкпар, қыз қуу секілді ұлттық ойындарды қызықтады. 

Мырзахмет Жылысбаев, соғыс ардагері:

- Соғыс болмасын, елімізде бейбітшілік, ынтымақ пен бірлік болсын. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу