ОҚО-дағы мектептердің біріне Толыбай батырдың есімі берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-дағы мектептердің біріне Толыбай батырдың есімі берілді

24.05.2017

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласындағы орта мектептің біріне ерлігі ұрпаққа ұран болған Толыбай батырдың есімі берілді. Ол жоңғарларға қарсы соғыста атой салып, баһадүрлігімен дараланған дала перзенттерінің бірі. Білім ұясына батырдың есімі берілуімен қатар, оған ескерткіш те тұрғызылды. Оның ашылу салтанатына батырдың ұрпақтары, мектеп ұстаздары мен оқушылар қатысты. Мерекелік шара барысында қазақша күрес ұйымдастырылып, білекті жігіттер боз кілемде күш сынасты. Сондай-ақ, өзге де ұлттық ойындар ойналды. Батыр есімін иемденген оқу ордасында бүгінде 800-ден астам шәкірт білім алады. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу