Аутизм емделетін ауру ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аутизм емделетін ауру ма?

24.05.2016
Аутизм емделетін ауру ма?
Аутистердің саны неге кемімей отыр?

Біздің қоғамда көп айтыла бермейтін дерттің бірі – аутизм. Анығы сол көрермен, елімізде бұл ауру туралы ақпарат аз, ал кеселмен күресіп жүргендер өте көп. Әлемде 67 миллион адам осы сырқатқа шалдықса, біздің елде де мыңдаған бала аутизммен ауырады.

Аутизм көбіне 2 мен 5 жас аралығында анықталады. Бірақ, біздің қазақтар «баласы жынды», деп ойламасын деп молаларды жағалап, молдаларға түкіртіп, тұмар тағып, уақытын жоғалтады. Сондықтан, баланың бойындағы кез келген оғаш өзгерісті байқай сала бізге қаралса, баланың жазылу мүмкіндігі зор, дейді дәрігерлер.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу