Астанада трансплантациялық кешен ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада трансплантациялық кешен ашылды

13.02.2015
Астанада трансплантациялық кешен ашылды

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында енді жылына кем дегенде айына бір рет сүйек кемігі трансплантациясы жасалады. Бүгін гемотоонкология бөлімшесінде трансплантациялық кешен ашылды.

Мұнда заманауи құрылғылармен жабдықталған 6 палата бар. Операция жасау үшін баланың туған-туыстары немесе өзі де донор бола алады. Алғашқы операцияларға шетелдік мамандарды қатыстыру жоспарланып отыр.

Жалпы, елімізде бұл дерт жыл сайын 350-ге жуық баладан анықталады екен.  Өткен жылы орталықта 900-ден астам бала ем қабылдаса, дәл қазіргі уақытта 95  бала емделуде. Халықаралық стандарттарға сай келетін кешенде оларға сапалы көмек көрсетуге мүмкіндік зор.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу