Алматының Наурызбай ауданында жаңа әкімшілік кешен ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының Наурызбай ауданында жаңа әкімшілік кешен ашылды

29.08.2017

Орталықтың ерекшелігі сол - бір ғана ғимараттың ішінде халыққа қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдар қатар орналасқан. Мәселен, мұнда әкімшіліктен бастап Мемлекеттік кірістер департаменті, Халыққа қызмет көрсету орталығы, прокуратура, екінші деңгейлі банктер және «Қазпошта» бөлімшелері бар. Кешеннің тиімді тұсы барлық қызмет түрі бір жерден көрсетіледі. Халық сабылып жүрмейді. Ал, аудан тұрғындарының ғимаратқа оңай жетуі үшін көлік-логистикалық мәселелері оңтайландырылған. Ғимаратқа 4 бағыттан қоғамдық көлік қатынайды.  

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу