Басты Жаңалықтар Жаңа әдіспен операция жасалды

Жаңа әдіспен операция жасалды

Жаңа әдіспен операция жасалды

Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында жаңа операция жасалды. Оны Америка Құрама Штаттарынан келген хирургтер жүзеге асырды. Операцияның ерекшелігі сол, омыртқаға бұрынғыдай диск салмайды, оның орнынан «кейтч» деп аталатын құрылғы орнатылды.

Бұл – науқастың отадан кейінгі жағдайының жақсы болуына едәуір әсер етеді. Шетелдік менторлар бір аптаның ішінде 6 операция жасады. Енді бұл күрделі отаны өзіміздің хиругтер жүзеге асыратын болады.

Жалпы нейрохирургия орталығына жылына 3-4 ментор келеді. Олар көбіне, Германия, Израиль және АҚШ-тың дәрігерлері. 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Бөлісу