Дәрігерлер марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігерлер марапатталды

14.06.2014
Дәрігерлер марапатталды
Алматының денсаулық сақтау саласында 30 мыңнан аса медицина қызметкері жұмыс істейді. Яғни, елдегі әр 5-ші дәрігер мен 11-ші медбике алматылықтарды емдейді. Сондай-ақ, қалада соңғы 4 жылда 15 емдеу мекемесі салынып, 2012 жылдан шаһар тұрғындарын емдеуге жұмсалған қаржы 20 пайызға, яғни 57 миллиард теңгеге артты. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты шарада айтты. Әр дәрігердің кәсібіне адалдығына алғысын білдірген Ахметжан Есімов «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерін кеуделеріне тағып, әр аталым бойынша алғыс хаттармен марапаттады.
 
Айна Қасымбекова, «Жылдың үздік медбикесі» аталымының иегері, №6 қалалық емхананың медбикесі:
Қазір мейірбикелердің статусын халықаралық деңгейде көтеріп жатыр. Соған өте қуаныштымыз. Осындай дәрежеге жетіп жатқанымызға. Біздің еңбегімзді елеп-ескеріп жатқанына,Үкімет басына көп рахмет айтамыз.
 
Серікболсын Аханов, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері, №5 қалалық клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:
Ақырғы жылдары денсаулық саласына өте көп көңіл бөлініп келеді. Мемлекет тарапынан да көп көңіл бөлініп келеді. Дүниежүзінде бар озық техникаларды осы біздің Қазақстанда барлығы бар, деп ойлаймын. Жоғары дейгейде, дүниежүзілік деңгейде адамдарға денсаулығын сақтауға көмек көрсете алады.
 
Жазира ИСАЕВА
 
 
 
 
 
 
 

Хабарламаларға жазылу