Қытайдан келген дәрігерлер марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдан келген дәрігерлер марапатталды

22.04.2020

Қазақстандық медицина қызметкерлеріне онлайн-семинарлар өткізіп, Covid-19 вирусын емдеудің тың тәсілдерімен бөліскен қытайлық делегация өкілдері марапатталды. Бүгін Алматыда шетелдік меймандарға ерекше құрмет көрсетіліп, Мемлекет басшысы атынан кеуделеріне төсбелгілер тағылды. Қазастан мен Қытай президенттерінің келіссөздері аясында келген шетелдік сарапшылар Нұр-Сұлтан, Қарғанды, Алматы қалаларында болды. Олар 2 аптадай дәрігерлермен тілдесіп, коронавирустық инфекция бойынша өзекті ақпараттарымен бөлісті.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу