Үздік дәрігерлер марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үздік дәрігерлер марапатталды

16.01.2020

Елді аралап науқастарды емдеген үздік дәрігерлер құрметке бөленді. «Медициналық пойыз» жолға шыққалы бері ақ халаттылар 273 елді мекендегі бекетте қабылдау өткізген. 70 мыңға жуық науқасқа сапалы қызмет көрсетілсе, соның 11 мыңы бала. Дәрігерлер өкпе, жүрек-қантамыр және онкологиялық ауруларды, көру қабілеті нашарлаған, қант диабеті, асқазан жарасы сияқты дерті бар шалғай ауылдағы шамасы жоқ тұрғындарға жәрдем берді. Жоба Денсаулық сақтау министрлігінің және «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен жүзеге асты. Қор соңғы 5 жылда әлеуметтік маңызды бағдарламаларға 60 миллиард теңгеден астам қаржы бөлген. Сонымен салтанатты шарада 30 мыңдай шақырымды шарлап шыққан дәрігерлер марапатталды.  

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу