Алматыда гепатологиялық орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда гепатологиялық орталық ашылды

11.06.2014
Алматыда гепатологиялық орталық ашылды
Бүгін Алматыда бауыр ауруларын емдейтін гепатологиялық орталық ашылды. Енді мұнда қала тұрғындарына кепілді медициналық көмек көрсетіліп, кеңес беріледі.
 
Мамандардың айтуынша, вирустық гепатит - бүгінде кеңінен таралған инфекция.
 
Бұған дейін мұндай орталық Астана мен Шымкент қалаларында ғана жұмыс істеп келген. 
 
Орталықта өзге аймақтардан келген науқастар да ақылы ем алып, профилактикалық тексеруден өте алады.
 
Гепатологиялық орталықта науқастарды қабылдауға арналған бөлмелер барлық талаптарға сай жабдықталған. 
 
Зәуре Аманжолова, қала әкімінің орынбасары:
Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ашылып отыр. Бұл өзекті мәселені Денсаулық сақтау басқармасы басқармасы депутаттардың, қала әкімдігінің алдында қойған болатын. Қаржы бөлініп, бүгін ашылып отыр. 
 
Роза Жүсіповагепатологиялық орталықтың меңгерушісі:
2010 жылдан мемлекет тарапынан жалпы созылмалы вирусты гепатитпен ауыратын науқастарға емдік көмек көрсетіліп жатса, бұл орталық біздің жұмысымызды кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр. Себебі, тек қана вирусы бар науқастарды емес, басқа да бауыр ауруларын емдеумен айналысады.
 
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу