Алматыда медицина колледжінің студенттері үшін тұңғыш симуляторлық орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда медицина колледжінің студенттері үшін тұңғыш симуляторлық орталық ашылды

12.09.2014
Алматыда медицина колледжінің студенттері үшін тұңғыш симуляторлық орталық ашылды

Медицина колледжінің студенттері үшін Алматыда тұңғыш симуляторлық орталық ашылды.

Бұл үшін Үкіметтен 51 миллион теңге қаражат бөлінді. Енді мұнда болашақ медбикелер әлемдік стандарттарға сай машықтарын шыңдап, тәжірибе жинақтайтын болады.

Студенттер науқасты қабылдау бөлімінде қабылдап, ауруын анықтағаннан бастап, түрлі клиникалық сырқатқа қандай ем-шараларын қолдану керектігіне машықтанады.

Қазір Алматыда медицина мекемелерінде 16 мың қызметкердің 11 мыңы медбике. Әйтсе де мамандар, 2 миллионға жуық тұрғыны бар қала үшін әлі 3 мыңдайы қажет дейді.

Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу