Елордадағы Оқушылар сарайында виртуалды орталық ашылды

20.05.2019

Нұр-Сұлтан қаласындағы Оқушылар сарайына - 7 жыл. 100-ден астам үйірмесі бар мұндай бірегей орталық әлемде санаулы, көрші елдердің ешбірінде жоқ. Ғимарат жақында тағы бір орталықпен толықты. Оқушылар сарайында «Менің елім» ақпараттық виртуалды орталығы ашылды. Онда қала балалары «Ұлы даланың жеті қыры» мен қазақ әдебиетін, Абай әлемі мен төл тарихымызды танып біле алады.

«Ұлы даланың жеті қыры» мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын балаларға түсіндірудің тың тәсілі. «Менің елім» ақпараттық виртуалды орталығы. Мұнда «Мәңгілік ел», «Абай әлемі», «Қазақстанның киелі жерлері», «Елбасы тұлғасы», «Менің кәсібім» атты тақырыптық көрнекіліктер бар. Қала балаларына ұлттық құндылықтарды оңай түсіндіру үшін ақпарат электронды форматта беріледі.

Ербол Іргебай, «Оқушылар сарайы» МКҚК директоры:

- Бүгінгі таңда баланы не қызықтырады? Баланы жай сурет қана қызықтырмайды, бүгінгі таңдағы барлық цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасалған дүние. Балалар бұл жерде елінің тарихы туралы мағлұмат алады.

Оқушылар сарайының қызметі мен тәжірибесіне көрші елдер, оның ішінде ресейдің өзі қызығушылық танытып отыр. Себебі сарай соңғы техникамен жабдықталған. 11 мың бала қатысатын 125 үйірме тұрақты жұмыс істейді.

Өнер бөлімінің оқушылары дәстүр бойынша оқу жылын қорытындылап концерт берді.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу