Елордада əл-Фараби орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада əл-Фараби орталығы ашылды

20.08.2020

Елордадағы Оқушылар сарайында «əл-Фараби əлемі» атты оқу-тəрбие орталығы ашылды. Онда ғалымның сан түрлі қырын анықтайтын бөлімдер бар. Мақсат – əлемге əйгілі ойшылдың рухани мұрасын өскелең ұрпақтың санасына сіңіру. 

Орталықтың жанына əл-Фарабидің бюст-мүсіні орнатылды. Ғұламаның бейнесін қалалық Суретшілер одағы төрағасының орынбасары Бақытжан Əріпов мүсіндеген.

Хабарламаларға жазылу