Шара бір мезгілде ұйымдастырылды. Бірнеше күн бұрын Білім және ғылым министрі жұмыс берушілерден ата-аналарды жұмыс уақытынан ерте босатуды өтінгендіктен бе, жиналысқа келгендердің қарасы қалың болды.
Көздеген мақсаты – ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту. Оқу жылында жүргізілген жұмыстар мен жеткен жетістіктерін жария ету. Сонымен қатар, отбасылық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығы туралы айтылды. Шара барысында ата-аналар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мардымды жауап алды.
Еркін Үйсімбаев, ата-ана:
- Осындай жиналыстарда мектеп әкімшілігі бізге жұмыс жоспарын қояды, мәселелерді қояды алдымызға. Соған байланысты ата-аналар осындай жиналыстарға қатысып тұру керек.
Асылбек ТОЙБЕК