ҰБТ-ға қатысты ата-аналар жиналысы 17 қалада бір мезгілде өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ-ға қатысты ата-аналар жиналысы 17 қалада бір мезгілде өтеді

13.05.2014
ҰБТ-ға қатысты ата-аналар жиналысы 17 қалада бір мезгілде өтеді
«Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» тақырыбындағы республикалық ата-аналар жиналысы 18 мамырда еліміздің 17 қаласында бір мезгілде өтеді.
 
Бұл туралы «Отбасылық тәрбиелеу институтының» баспасөз қызметі хабарлады.
 
Алдын ала мәліметтер бойынша, оған 45  мың мектеп бітірушінің ата-аналары қатыспақ.
 
Ата-аналар жиналысының қатысушылары үшін «Отбасылық тәрбиелеу институтының»жетекші мамандары тақырыптық бейнероликтер, жазбаша түрдегі (қазақ және орыс тілдеріндегі) үйрету сабақтары мен сауалнамалар әзірледі.  
 
ҚР Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша, 2014 жылы 154 ҰБТ өткізу пунктінде 100 мыңнан астам мектеп түлектері тестілеуге қатысады.
 
Тестілеу елдің барлық аймағында 1-15 маусым аралығында өтеді.

Хабарламаларға жазылу