Жаңа әдіс: Мектеп пәндерін балаларға футбол арқылы үйретпек
Астана тұрғыны осындай әдістеме ойлап тапты. Айтуынша, бұл - барлық пәнді оқушыға жеңіл үйретудің тәсілі.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Бұл жаттығуда балалар доппен жүгіріп жүріп, геометриялық фигура құрастыруы тиіс. Тапсырманы бірінші болып орындаған команда жеңіске жетеді. Келесі тапсырмада оқушылар математикалық есепті шығарып, нәтижесін допта жазылған сандардың ішінен іздейді. Тапқаны қақпаға соққы жасайды.
Әділет Бегалин, 5-сынып оқушысы:
- Маған есепке көмектесті. Ойын кезінде тез қимылдап, тез ойлану керексің.
Әдістемеде барлық пән қамтылған. Биология, физика, химия, математика, тағысын тағы. «Әсіресе, 6-12 жастағы ойын балалары үшін аса тиімді», дейді мамандар.
Фазылбек Әбсаттар, Қазақстан-Португалия футбол ассоциациясының президенті:
- Мақсат- баланың қызығушылығын пайдалана отырып, білім беру. Біздің ойлап тапқан нәрсеміз емес. Адам физикалық белсенділік кезінде максималды түрде ақпарат қабылдайды.
Қазақ мамандары мен португалиялықтардың әдісіне бүгінде FIFA қызығушылық танытып отыр.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
