Басты Жаңалықтар Сарапшы: Жолдауда дамудың негізгі бағыттары айқындалған

Сарапшы: Жолдауда дамудың негізгі бағыттары айқындалған

Президент Жолдауында елдің дамуының негізгі бағыттары айқындалған. Егер бағдарламада жүктелген міндеттер орындалса, партиялардың маңызы мен рөлі арта түседі. Экономикалық сектордың үкіметпен байланысы күшейеді. Жолдауда цифрландыру саласы да назардан тыс қалған жоқ. Бүгінгі күні Қазақстан цифрландыру бойынша ТМД мемлекеттерінің ішінде оқ бойы озық. «Президенттің алдағы үш жылда жаппай цифрлық ел болу туралы тапсырмасы ең алдымен үкіметтік органдардың жұмыс сапасын арттырады», - дейді шетелдік сарапшылар.

Владимир Грачев, «Справедливый мир» институтының геосаясат жөніндегі сараптамалық кеңесінің жетекшісі, саясаттану ғылымдарының докторы:

34 беттен тұратын Жолдауды қызыға оқыдым. Құжатта, әрине мемлекеттің алға қадам басуы үшін нақты мақсаттар белгіленген. Әсіресе жасанды интеллект, мемлекетті цифрландыру өзекті екені сөзсіз. Сондай-ақ Қазақстан сыртқы саясатқа да қашанда мән береді, әлемнің барлық мемлекеттерімен достық қатынасты орнатуға күш салды. Көлік дәліздері, азық-түлік саясаты Жолдауда көрініс тапқан.


Бөлісу