Келер жылы ҰБТ тапсырудың жалпы форматы сол күйінде қалады. Дегенмен, қосымша өзгерістер де бар. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Атап айтсақ, 2019 жылдан бастап жоғарғы оқу орнына ақылы негізде түсу үшін тестілеу жылына 4 рет өткізіледі. Оның алғашқысы қаңтарға жоспарланып отыр. Емтиханға қатысу жөніндегі өтінім желтоқсанның 1 мен 15 аралығында қабылданады. Ал, шет тілін терең меңгергендігін растайтын «IELTS», «TOEFL» сынды халықаралық сертификаттары бар оқушылар «Шет тілі» пәні бойынша ҰБТ-дан босатылмақ.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым вице-миистрі:
- Қаңтар айында Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырып, тиісті шекті баллды жинаса, онда мектепті бітірмей, аттестатын алмай тұрса да, сол сертификатты апарып, жоғарғы оқу орындарына тапсырса, онда түлегімізді ЖОО шартты түрде, шартты негізде оқуға түсті деп құжаттарын қабылдайтын мүмкіндік болады.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.