«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауы мұғалім мәртебесін көтереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауы мұғалім мәртебесін көтереді

06.11.2018

Алматыда «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсының облыстық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Осы жылдың мамыр айында конкурс туралы барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған болатын. Алматы облысының мұғалімдерінен 157 жұмыс келіп түскен. Олар қазіргі заманға сай білім саласында жаңартылған электрондық түрдегі дәрістер. Сараптама комиссиясының шешімімен 57 ұстаздың видеодәрістері үздіктер қатарына енді. Осы жұмыстар республикалық деңгейдегі конкурсқа ұсынылатын болады.

Серік Кеңесбаев, «Өрлеу» БАҰО АҚ Алматы облыстық филиалының басшысы:

- Бұл іс-шара мұғалімнің беделін көтеру мақсатында өткізіліп жатыр.

 

Руслан ҚОСАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу