Ақтөбедегі білім ошақтарының бірінде ІТ сынып ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбедегі білім ошақтарының бірінде ІТ сынып ашылды

30.05.2018

Заманға сай жабдықталған кабинетте оқушылар 3D модельдеу, сәулет, дизайн, анимация, бағдарламалау және веб-сайтты құруды үйренеді. Әрі оқу американдық sketchup әдісімен жүргізіледі. Мұнда балалар қазірдің өзінде түрлі жобаларын жасап жатыр. Заманауи жаңа кабинетті облыс басшылығы арнайы барып көрді.

Айта кетейік, жыл соңына дейін өңірде 20 мектепте осындай ІТ сыныптары ашылады. Оның сегізі облыс орталығында болады.

Хабарламаларға жазылу