Ақтөбе облысының 20 мектебінде IT сынып ашу жоспарланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысының 20 мектебінде IT сынып ашу жоспарланған

28.05.2018

Ақтөбедегі мектептердің бірінде алғаш рет IT кабинет ашылды. Бұл оқушылардың заманға сай сандық технологиялар арқылы білімін арттыруға бағытталған. Жоба «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында «Нұр Отан» партиясының бастамасымен қолға алынды. Сынып заманауи 26 компьютер, 3D принтер, жоғары жылдамдықтағы интернет және қажетті веб-бағдарламалармен жабдықталған. Мұнда тек мектептің балалары ғана емес, жаз мезгілінде білім ұясы жанындағы лагерьдің тәрбиеленушілері де  білім алмақ. Алдағы уақытта облыстың 20 мектебінде IT сынып ашу жоспарланған. Оның сегізі қалада болады.

Жәдігер Бопиликов, мұғалім:

- Балалар автоматизацияға дағдыланады. Жалпы, физика заңдарын практика жүзінде қолдануға үйренеді.

Жұлдыз АЛМАСҚЫЗЫ

                   

Хабарламаларға жазылу