Бүгін Алматы облысындағы барлық мектептерде соңғы қоңырау соғылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Алматы облысындағы барлық мектептерде соңғы қоңырау соғылды

25.05.2018

Биыл түлектердің саны алдыңғы жылға қарағанда әлдеқайда артқан. Мәселен, Боралдай кентіндегі №39 гимназияның өзінде 1368 оқушы білім алады. Оның 65-і биыл білім жорығындағы ақтық сын ҰБТ-ға жолдама алып отыр. Мектеп ұжымы соңғы қоңырауды ерекше атап өтті. Шарада арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, оқушылар әсем ән мен көңілді бимен келгендердің көңілін көтерді. Бұл жылы «Рухани жаңғыру» жобасы аясында мектепте талай игі жоба жүзеге асқан. «Жан-жақты балалардың да қатары өсіп келеді», - дейді білім ордасының басшылығы.

Гүлсім Кәкенова, Боралдай ауылы №39 гимназиясының директоры:

- Мектепте бірінші кезекте біз оқумен бірге, тәрбиені қатар алып жүрміз. Сондықтан, «Рухани жаңғыруға» байланысты көптеген іс-жоспар жасалып, жұмыстар атқарылды. Оның бір дәлелі үш ұрпақтың сабақтастығын көрсеткен «Өнерім - өмірімнің белгісі» атты шығармашылық кеш. Қазір тарихи ескерткіштерге, музейлерге топтық серуендер жасап, осы «Рухани жаңғыру» аясында көптеген жұмыстар атқарудамыз.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу