Енді олар біліктіліктерін арттыру курсы кезінде қаладағы колледждердің бірінің жатақханасында тұрады. 1 айға төлемақы - 5 мың теңге. Жаратылыстану пәнінің мұғалімдері ағылшын тілін үйренуге келген. Білім және ғылым министрлігі жариялаған мемлекеттік сатып алуды «Астана білім ордасы» серіктестігі жеңіп алған. Мекеме өкілдері «тұрғынжайға қаралған қаржы тек қазанның 10-ында бөлінеді» деп отыр. Сол себепті, облыстық Білім басқармасы мұғалімдерге жатын орын табуға көмектескен.
Ермек ЕЛБЕРГЕН