Халықаралық EXPO көрмесіне орай Астанада жаңа оқу жылы қыркүйектің 12-нен басталуы мүмкін. Жол-көлік қозғалысының шамадан тыс болатындығына байланысты қалалық Білім басқармасы осындай ұсыныс жасаған. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева айтты.
Сондай-ақ, түлектер үшін жағымды жаңалық, биыл жоғары оқу орындарына 40 мың грант бөлу жоспарланып отыр. Мектеп бітіретін 130 мың түлектің 97 мыңға жуығы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспақ. Министрлік сынақ сапасын қатаң бақылауда ұстап отыр. Жылда дауға айналатын өнер жұлдыздарына қатысты қисынсыз сауалдар биыл мүлде болмайды. Үкімет гранттар санын арттыруға қатысты ұсынысты қарастыруда.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ