Қызылордада жас журналистер олимпиадасы өтіп жатыр
Журналистика мамандығы бойынша республикалық тоғызыншы пән олимпиадасы басталды. Білім бәйгесінде 13 жоғары оқу орнының студенттері бақ сынауда. Олимпиаданың шартына сәйкес, қатысушылар бірінші кезеңде негізгі пәндерден тест тапсырады. Онан кейін эссе жазады. Ал, екінші кезең - «Жедел ақпарат» сайысы. Яғни, студенттер өтіп жатқан олимпиада туралы жазған ақпаратын республикалық сайттардың біріне жариялауы керек. Дәстүрлі жарыс былтыр Алматы қаласында ұйымдастырылған болатын. Аталған сайыста сырбойылық студенттер бас жүлдеге ие болғандықтан олимпиада бұл жолы Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде ұйымдастырылды.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өзбекстанда қандастарымыз өз тілінде білім алады
18.09.2025, 10:11

Білім саласын цифрландыру - басым бағыттың бірі
18.09.2025, 10:10
Мамандар мемлекеттік қызметке онлайн түрде ғана қабылданады
18.09.2025, 10:09
Жер қойнауының жаңа картасы: Алғашқы лекте 100 мың шаршы шақырым аумақ қамтылмақ
18.09.2025, 10:08
Атырауда ірі газ-химия кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр
18.09.2025, 10:06
Дін көшбасшылары: Дін - адамзатты біріктіретін құрал
18.09.2025, 10:05
Халық пікірі: Киберқылмыс тұрғындардың цифрлық қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді
18.09.2025, 10:03
Жол апаты: Қостанайда жыл басынан бері 50 адам көз жұмды
18.09.2025, 10:01