Биыл жазда 73 мың мұғалім арнайы оқытылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл жазда 73 мың мұғалім арнайы оқытылады

27.04.2016
Биыл жазда 73 мың  мұғалім арнайы  оқытылады
Биыл жазда 73 мың  мұғалім арнайы  оқытылады

Келер қыркүйектен бастап еліміздегі білім берудің мазмұны өзгереді. Осы өзгерістерге сай болу үшін жаз маусымында бастауыш мектептердің 73 мың мұғалімі арнайы оқытылады. Бұл туралы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өткен жиында ҚР Білім және ғылым минситрі Ерлан Сағадиев айтты.

«Біз бәрін жан-жақты ойластырып қойдық. Биыл бірінші сыныпқа сабақ беретін 73 мың оқытушы арнайы оқытылады. Нәтижесінде біз аптасына бес күндік оқу жүйесіне көшуге және пәндерідң санын азайтуға мүмкіндік аламыз. Дегенмен, мұның бәрі биыл жүзеге асырылмайды. Бірте-бірте, сыныптардың жаңа мазмұндағы білім беруге көшу ыңғайына қарай іске асатын шаруа»,-деді министр.

Ерлан Сағадиевтың айтуына қарағанда бастауыш сынып мұғалімдерін аранйы дайындықтан өткен 700 тренер оқытатын көрінеді.

Министрдің айтуынша алдағы қыркүйектен бастап еліміздегі жеті жарым мың мектептің барлығында бірінші сыныптарға жаңа мазмұндағы дәрістер беріле бастайды. Келер жылы бұл жүйеге үш сынып, одан соң тағы үш сынып көшеді. Осылайша функционалдық сауаттылыққа негізделген жаңа бағытқа бірте-бірте көшу жоспарланып отыр


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу