Қазақстанға биыл жазда шетелден 448 мың турист келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға биыл жазда шетелден 448 мың турист келген

21.09.2023

Биыл жазда Қазақстанға шетелден 448 мың турист келген. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, оның көбі 30-44 жастағы азаматтар.

Туристердің 139 мыңы Алматы қаласына, 68 мыңы Астанаға, 34 мыңы Алматы облысына тоқтаған. Еліміздің батыс аймақтарында саяхаттайтайтын шетелдіктер де көбейді. Жалпы биыл Қазақстанға келген туристер саны 1,8 есе артқан. Оның тең жартысы демалу үшін, ал қалғаны іскерлік кездесуге келген. Жыл соңына дейін 1,4 млн шетелдік келеді деген болжам бар

Хабарламаларға жазылу