Биыл еліміз бойынша 79 мыңнан астам түлек маусым айының 2-сі мен 15-сі аралығында тестілеуден өтеді. Түлектерге жасалған жеңілдіктер ұшан - теңіз.
Мәселен, енді оқушы аттестатына ҰБТ мен пән бойынша жылдық баға қорытындысының орташа арифметикалық бағасы қойылады. Мысалға, мектепті бірыңғай беске тәмамдаған оқушы ҰБТ-дан үш алған жағдайда, бұл баға аттестатқа 4, ал 4 алса бес болып түсуі бек мүмкін.
Айдана ҮСЕНБАЙ