Елордадағы барлық жоғары оқу орындары жаңа сабақ кестесіне көшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы барлық жоғары оқу орындары жаңа сабақ кестесіне көшеді

04.05.2017

Енді үш аптадан кейін елордадағы барлық жоғары оқу орындары жаңа сабақ кестесіне көшеді. Білім мекемелеріндегі оқу уақыты әдеттегідей таңғы сағат 9-да емес, 10-да басталады. Бұл туралы бүгін «ЭКСПО-2017» қарсаңында қаладағы көлік кептелісін азайтудың тетіктері жөнінде баяндаған Жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері мәлімдеді. Сондай-ақ, шаһарда қосымша 12 «BUS LANE» жолақтары  сызылады. Бұл қоғамдық көліктердің жүру жылдамдығын 20%-ға арттырып, жолаушылардың автобус күту уақытын мейлінше қысқартпақ.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу