Алматыда «Білім жәрмеңкесі» өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Білім жәрмеңкесі» өтті

04.04.2015
Алматыда «Білім жәрмеңкесі» өтті

Бүгін Америка Құрама Штаттарының Алматы қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен «Білім жәрмеңкесі» өтті. Оған бас Консулдық АҚШ-тың аккредитациядан өткен 25 университетін шақырған.

Жәрмеңке бағдарламасына сай Америкадағы жетекші жоғары оқу орындары туралы мағлұматтар берілді. Сондай-ақ, білім ордаларындағы қаржылық қолдау көрсету, құжаттарды тапсыру үрдісі, студенттердің виза алу мәселесі бойынша талапкерлер мен білімгерлерге тегін кеңестер берілді. Таңдаған мамандықтары бойынша шеберлік сыныптары өткізілді. Өзге елдегі жастарды елітіп кететін жайттар мен сананы улайтын пайдасыз дүниелерден сақтану жолдары ескертілді.

Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу