Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ атауы өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ атауы өзгереді

09.01.2015
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ атауы өзгереді

Бұл салаға былтыр 49 миллиард теңге бөлінсе, биылда осы көлемде қаржы бөлінеді, деп хабарлады Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев.

Дегенмен бұл қаржы осыдан 2-3 жылғымен салыстырғанда екі еседей көп және оның игеру тетіктері жетілдірілген.

Биылғы басым жұмыстардың бірі бизнес пен ғылым арасындағы байланысты нығайту, яғни ғалымдар ойлап тапқан идеяларды коммерциялап, қаржыға айналдыру. Бұл бағытта қазірдің өзінде бірнеше қанатқақты жоба жүзеге аса бастаған.

Бұдан бөлек, былтырдан бастап ғылыми зертту институттары мен жоғары оқу орындары бірлесіп магистранттар мен РhD докторларды даярлауды қолға алған. 

Сондай-ақ, «Парасат» ұлттық ғылыми технологиялық холдингіне қарасты алты бірдей ғылыми зерттеу институты жақын арада Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің басқарылуына беріледі. Осылайша университеттің атауы өзгереді.

Ләззәт Мылтықбаева, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ басқарма төрайымының міндетін атқарушы:

Үкіметтің «Парасат» Ұлттық холдингі Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетімен бірігуі туралы қаулысы шықты. Осы екі құрылымның негізінде бірінші ұлттық зерттеу университеті құрылып отыр. Ол – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық зерттеу техникалық университеті деп аталады.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу