Бұл туралы Анкараның Атылым университетінде өткен ғылыми-практикалық семинарда айтылды.
Түркиядағы ҚР Елшісі Жансейіт Түймебаев жоғары оқу орнының басшылығымен, ғылыми-академиялық топтардың мүшелерімен және осы жерде білім алып жатқан студенттермен кездесіп, Қазақстанның жеткен жетістіктері туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, жиында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол» бағдарламасы талқыланып, еліміздің даму жоспарына түрік ғалымдары жоғары баға берді.
Бақытжан ОМАР