Алматыда жарылыстан қаза тапқан 17 жастағы Светлана Яковлеваның отбасына 1 миллион теңге көлемінде материалдық көмек беріледі.
Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді. Ал, жарылыстан жапа шеккен балалардың отбасыларына 500 мың теңге көлемінде беріледі.
Қала басшысы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке алғашқы әскери дайындық сабағын өткізудің қажеттілігін қайта қарауды өтініп, хат жолдады.
Ахметжан Есімов алғашқы әскери дайындық сабағының бағдарламасы Кеңестік кезден бері әлі өзгеріске түспегенін айтып, оқу бағдарламасынан алып тастау ұсынады.
Министрлік шешім қабылдағанша, Алматы оқу орындарындағы алғашқы әскери дайындық сабағында ешқандай қарудың үлгілері қолданылайды.
Дәурен ДАРИЯБЕК