Этникалық қазақтарды ҰБТ-дан өткізуді алып тастау ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Этникалық қазақтарды ҰБТ-дан өткізуді алып тастау ұсынылды

18.10.2021

Еліміздің жоғарғы оқу орындарына түсуге үміткер этникалық қазақтарды ҰБТ-дан өткізуді алып тастау ұсынылды. Өйткені өзге елдің оқу бағдарламасынан өткен талапкерлердің тең жартысы тестілеуден өте алмайды. Бұл жайында «Отандастар қоры» жанындағы Қоғамдық комиссияның VII отырысында айтылды.

Комиссия мүшелерінің сөзінше,  2020 жылы тестілеуге 2025 адам қатысып, 909 адам ғана оқуға іліккен. Ал 2021 жылы ниет білдіргендер саны 2425 адам болса,  ал оқуға түскендер саны 796 адамды құрайды. Осылайша шетелден келетін қандастарға арналған 4 пайыздық квотаның 40 пайыздан астамы игерусіз қалады. Сондықтан шетелде тұратын этникалық қазақтарды еліміздің оқу орындарына тартудың тәсілдері мен әдістерін қайта қарау маңызды дейді жиылғандар.

Мағауия Сарбасов, «Отандастар» қорының вице-президенті:

Көптеген жұмыс атқарылып жатыр, бірақ арасында осындай мәселе туындап жатыр. Мәселені талқылап,  комиссияның шешімімен мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолданады. Әрі қарай тиісті шаралар қолданылады.


Хабарламаларға жазылу