Ұлттық қорда жинақталған қаражатты тиімді әрі мақсатты жұмсау арқылы экономиканы қолдау. Алдағы үш жылға арналған бюджет жобасының қысқаша пайымы осы.
Заң жобасы бірінші кезекте орта білім берудің қол жетімділігін жетілдіру, яғни, апаттық жағдайда тұрған және үш ауысымдық мектептерді жою, сондай-ақ, бала бақшалар санын арттыруды көздейді.
Мәселен, алдағы 3 жылда 80 мыңнан аса бүлдіршін мектепке дейінгі білім мекемесіне баруға мүмкіндік алмақ. Құжаттың негізгі міндеті – әлеуметтің әлеуетін арттыру.
Сондай-ақ, әлеуметтік төлемдердің тұрақтылығын қамтамасыз ету – құжаттың басты қағидасы. Осы арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту көзделуде.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ