Павлодар облысының Майқайың кентінде жаңа мектеп ашылды

Бүгін Павлодар облысындағы Майқайың кентінде қазақ тілінде оқытатын жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Заманауи үшқабатты оқу ғимаратында жайлы сыныптар, акт және спорт залдары, асхана, екі медициналық кабинет, ағаш, металл өңдейтін шеберхана, тігін цехы, зертхана, кітапхана, екі лингафон кабинеті және бір мультимедиа кабинеті бар.
Биылғы оқу жылында Майқайың кентінде барлығы 1370 бала сабаққа барады. Жаңа мектептетің өзінде үш бірінші сынып бар.
Жылдың соңына дейін облыста екі жалпы білім беретін мектеп Павлодар қаласында, сондай-ақ Шарбақты ауданының Шарбақты ауылында және Ақсу қаласының ауылдық аймағы - Қалқаман кентінде салынады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өзбекстан қазақтары мерекемен құттықтады
23.10.2025, 13:21

Қостанайда Республика күніне орай жаңа саябақ ашылды
23.10.2025, 13:18
Астанада мектеп оқушылары 250 түп ағаш екті
23.10.2025, 13:12
Жаңа Зеландияда төтенше жағдай жарияланды
23.10.2025, 13:10
АҚШ Ресейдің ірі мұнай компанияларына санкция салды
23.10.2025, 13:08
Сенат ЖИ туралы заңды Мәжіліске қайтарды
23.10.2025, 13:06
ЖИ заң саласына жүйелі түрде енгізілуде
23.10.2025, 13:03
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 12 адам қаза тапты
23.10.2025, 13:00